ӘСКЕРИ БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА КУРСАНТТАРДЫҢ ТӨЗІМДІЛІГІ МЕН СУБЪЕКТИВТІ ӘЛ-АУҚАТЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.56132/2791-3368-2026-1-65-49-58Кілт сөздер:
жасанды интеллект, когнитивтік автономия, курсанттар, кәсіби сәйкестік, субъективті әл-ауқат, төзімділік, цифрландыру, әскери білім беруАңдатпа
Мақала әскери білім беруді цифрландыру жағдайында және жасанды интеллект жүйелерін белсенді енгізу барысында әскери жоғары оқу орындары курсанттарының төзімділігі мен субъективті әл-ауқатын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін теориялық-аналитикалық тұрғыдан негіздеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі әскери білім беру жүйесінде цифрлық трансформацияның күшеюімен, интеллектуалды оқыту жүйелері мен автоматтандырылған бақылау құралдарын қолданудың кеңеюімен байланысты. Бұл үдерістер болашақ офицер тұлғасының психологиялық тұрақтылығына қойылатын талаптарды елеулі түрде өзгертеді. Отандық және шетелдік ғылыми жарияланымдарды талдау нәтижесінде цифрлық білім беру ортасында курсанттардың төзімділігі когнитивтік, эмоционалдық-еріктік және әлеуметтік-кәсіби ресурстардың келісімді дамуына сүйенетін күрделі тұлғалық құрылым ретінде қалыптасатыны көрсетілді. Төзімділіктің когнитивтік блогы алгоритмдендірілген жүйелермен және үлкен деректер массивтерімен жұмыс барысында сыни ойлау мен когнитивтік автономияны сақтаумен байланысты екені негізделді. Эмоционалдық-еріктік блок цифрлық стресс және оқу-қызметтік іс-әрекеттің автоматтандырылған мониторингі жағдайында субъективті әл-ауқатты және өзін-өзі реттеуді қолдау қабілетін сипаттайды. Әлеуметтік-кәсіби блок «курсант - ЖИ-жүйе - командир» жүйесіндегі өзара әрекеттесудің өзгермелі формаларына бейімделуді, сондай-ақ басқару үдерістерін ішінара автоматтандыру жағдайында кәсіби сәйкестік пен жеке жауапкершілікті сақтауды қамтиды. Әскери білім беруді цифрландыру жағдайында төзімділікті дамыту үш блоктың барлығын біріктіруге бағытталған кешенді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді талап етеді деген қорытынды жасалды. Алынған нәтижелер әскери білім беру ортасына қатысты төзімділік туралы ғылыми түсініктерді нақтылайды және жоғары технологиялық жағдайда курсанттарды қызметтік іс-әрекетке даярлауды жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
1. Указ Президента Республики Казахстан от 6 января 2026 года № 1151 «Об объявлении Года цифровизации и искусственного интеллекта» [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://www.akorda.kz (дата обращения: 01.02.2026).
2. Ахмедиев Д.М. Перспективы применения искусственного интеллекта в казахстанской армии // ҚӘӘИ хабаршысы. – 2025. – № 4 (64). – С. 66–72.
3. Перленбетов М.А. Психологические основы формирования профессиональной устойчивости личности. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 256 с.
4. Леонтьев Д.А., Рассказова Е.И. Жизнестойкость и ее диагностика. – М.: Смысл, 2006. – 63 с.
5. Ryff C.D. Happiness is everything, or is it? Explorations on the meaning of psychological well-being // Journal of Personality and Social Psychology. – 1989. – Vol. 57, № 6. – P. 1069–1081.
6. Holmes W., Bialik M., Fadel C. Artificial Intelligence in Education: Promise and Implications for Teaching and Learning. – Boston: Center for Curriculum Redesign, 2019. – 40 p.
7. Luckin R. Machine Learning and Human Intelligence: The Future of Education for the 21st Century. – London: UCL IOE Press, 2018. – 312 p.
8. Maddi S. R. Hardiness: The courage to grow from stresses // Journal of Positive Psychology. – 2006. – Vol. 1, № 3. – P. 160–168.
9. Бердибаева С.К. Психология стрессоустойчивости личности. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 220 с.
10. Ерментаева А.Р. Психологические основы субъектного развития личности в образовательном пространстве. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2008. – 410 с.
11. Маглумжанов М.А., Касимов Б.С., Аханов А.Р. Эффективность виртуального тренажера в подготовке курсантов в области радиотехники // ҚӘӘИ хабаршысы. – 2025. – № 4 (64). – С. 16–23.
