Радиотехника мамандарын практикалық оқытуда виртуалды шындықтың тиімділігін талдау
DOI:
https://doi.org/10.56132/2791-3368-2025-2-62-%25pКілт сөздер:
заманауи технологиялар, әсери білім, виртуалды шындық, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету,оқыту тиімділігі, иммерсивті технологияларАңдатпа
Радиоэлектрондық және радиотехникалық жүйелердің қарқынды дамуы жағдайында радиотехника мамандарын даярлау деңгейіне қойылатын талаптар артуда. VR технологиялары білім беру бағдарламаларын нақты маманның дайындық деңгейіне бейімдеуге, материалды игеру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, радиолокациялық станцияларда жұмыс істеу белгілі бір қауіптермен байланысты. VR технологиялары жабдықтың істен шығуына немесе өмірге қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен қателерді жоюға мүмкіндік береді. Радиотехникалық әскерлердің мамандарын даярлауда VR қолдану техникамен жұмыс істеудің күрделі сценарийлерін имитациялауға, кәсіби дағдыларды меңгеру үшін қауіпсіз және тиімді ортаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл мақаланың мақсаты – әскери білім беруде заманауи технологияларды, атап айтқанда иммерсивті технологияларды қолданудың өзекті мәселелерін қарастыру және талдау. Мақалада әскери оқу орындарында мамандарды даярлауда цифрлық виртуалды ортаны пайдаланудың өзектілігі мен қажеттілігі талқыланады.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында аппараттықбағдарламалық кешені әзірленген. «Виртуалды радиолокациялық станциясын симуляторы» компьютерлік бағдарламысының тиімділігін талдау радиотехникалық әскерлер кафедрасының «Радиотехника» маманы бойынша курсанттар тобын оқыту мысалында, виртуалды радиолокациялық станциясының тренажерін пайдалану тиімділігін талдау бойынша компьютерлік бағдарламаны қолдануына талдау жүргізілді (қаржыландыратын зерттеу жұмысының бөлігі ретінде ҚР ЖБҒМ ВР 218008/0223).
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
1. Иванова А. В. Технологии виртуальной и дополненной реальности: возможности и препятствия применения // Стратегические решения и риск-менеджмент. 2018. № 3 (106).-
С. 88–107 2. Уварина Н.В. Анализ и перспективы применения иммерсивных технологий в системе подготовки офицеров российской армии [Электронный ресурс]. – Режим доступа:
https://cyberleninka.ru/article/n/analiz-i-perspektivy-primeneniya-immersivnyh-tehnologiy-vsisteme-podgotovki-ofitserov-rossiyskoy-armii (дата обращения 21.04.2025г.)
3. Ахпанов Т. А., Садвакасова К. Ж. Средства разработки обучающих тренажерных комплексов и моделирование критических ситуаций // Актуальные научные исследования в современном мире. 2019. № 4–7 (48). - С. 112–118.
4. Жигалова О. П., Лисенко М. Л. Использование среды виртуальной реальности при решении учебных задач // Балтийский гуманитарный журнал. 2019. Т. 8. № 4 (29).- С.59–62.
5. Наталевич О. Г. Перспективы применения технологии виртуальной реальности в процессе обучения (на примере образовательных учреждений Республик и Беларусь) // Непрерывное образование. 2019. № 3 (29). - С. 43–46.
6. Уваров А. Ю. Технологии виртуальной реальности в образовании // Наука и школа. 2018. № 4. - С. 108–117.
7. Вайндорф-Сысоева М.Е. Виртуальная образовательная среда как неотъемлемый компонент современной системы образования // Вестник ЮУрГУ - 2012. - № 14. - С. 86-91.
8. Вешнева И.В., Сингатулин Р.А. Виртуальные технологии - новые перспективы в системе обучения // Информационные технологии в образовании: сб. научн. ст. - Саратов, из-во Саратовский государственный университет, 2015. - С. 382-387.
9. Корнилов Ю.В. Иммерсивный подход в образовании // Азимут научных исследований: педагогика и психология. - 2018. - Т. 8. - № 1 (26). - С. 174-178.
10. Замков А.В. О виртуальном расширении медиареальности // Медиаскоп. -2017. - № 3. - С. 7-11.
