РАДИОТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ КУРСАНТТАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ТРЕНАЖЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.56132/2791-3368-2025-4-64-16-23Кілт сөздер:
виртуалды тренажер кешені, дисперсиялық талдау (ANOVA), кәсіби дайындық, көп арналы жүйелер (КАЖ), оқытудың тиімділігі, педагогикалық эксперимент, қорытынды балл, әскери білімАңдатпа
Мақалада «Білім беру процесіне иммерсивті технологияларды енгізу арқылы әскери істегі радиотехника және радионавигация саласындағы мамандарды практикалық жұмысқа оқытуға арналған бағдарламалық-аппараттық кешенді негіздеу және әзірлеу» атты зерттеудің (жеке тіркеу нөмірі ВR 218008/0223) нәтижелері ұсынылған (Қаржыландыру көзі: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті). «Көп арналы жүйелер» (КАЖ) мамандығы бойынша курсанттарды оқыту үдерісінде виртуалды тренажер кешенін пайдаланудың тиімділігін бағалау бойынша педагогикалық эксперименттің нәтижелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты тренажерді қолданған эксперименттік топтың үлгерімін дәстүрлі әдістеме бойынша оқыған бақылау тобымен салыстыру болды. Экспериментке екі тең топқа бөлінген 20 курсант қатысты. Деректерді талдау үшін сипаттамалық статистика әдістері және бірфакторлы дисперсиялық талдау (ANOVA) қолданылды. Нәтижелер эксперименттік топтың статистикалық маңызды артықшылығын көрсетті: орташа қорытынды балл бақылау тобындағы 74,6-ға қарсы 90,5-ті құрады (F(1, 18) = 102,2; p < 0,001). Сонымен қатар, эксперименттік топта нәтижелердің едәуір аз шашырауы байқалды. Тренажер кешенінің материалды тереңірек және тұрақты меңгеруге ықпал ететін жоғары педагогикалық тиімділігі туралы қорытынды жасалды.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
1. Андреев В.И. Педагогика высшей школы: Инновационно-прогностический курс: учебное пособие/В.И. Андреев. – Казань: Центр инновационных технологий, 2013. – 500 с.
2. Ершова Н.М. Методика планирования и проведения эксперимента при обработке данных средствами Excel. – Днепропетровск: ПГАСА, 2009. – 7 с.
3. Ершова Н.М. Корреляционно-регрессионный анализ данных наблюдений. Методические указания и задания. - Днепропетровск: ПГАСА, 2008. – 58 с.
4. Ершова Н.М. Обработка данных наблюдений средствами Excel. – Днепропетровск: ПГАСА, 2009. – 164 с.
5. Петровский А.В. Психология и педагогика в военном деле: теория и практика применения симуляционных технологий/А.В. Петровский. – М.: Воениздат, 2020. – 320 с.
