БРОНЕТЕХНИКАНЫ FPV-ДРОНДАРДАН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ОПТИКАЛЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАСҚАРЫЛАТЫН ТОРЛЫ ТҰЗАҚТАР
DOI:
https://doi.org/10.56132/2791-3368-2026-3-67-8-18Кілт сөздер:
торлы тұзақ, ҰҰА ұстап алу, сауытты объектілерді қорғау, оқиғалық басқару, компьютерлік көру, кеңістіктік параллакс, көпарналы оптика, пассивті тұзақ, кинетикалық қорғанысАңдатпа
Мақала жоғары жылдамдықты шағын өлшемді ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) мен FPV-дрон дерін жою кезінде жақын шептегі кинетикалық қорғаныс жүйелерінің (атылатын торлы тұзақтардың) атқарушы механизмдерін іске қосу сәтін анықтау дәлдігі мен жылдамдығын арттыру мәселесіне арналған. Есептеу кідірісін арттыратын және қорғалатын объектіні әшкерелейтін дәстүрлі қашықтықты өлшеу құралдарының — белсенді қашықтық өлшегіштер мен 3D-реконструкциялаудың классикалық стереожүйелерінің шектеулері талданды. Авторлар пассивті оптикалық талдау негізінде оқиғалық басқару принципін іске асыратын патенттелген техникалық шешімді ұсынды. Құрылғының архитектурасы бір пассивті оптикалық элементті пайдалана отырып, бірыңғай жарық сезгіш матрицада сахнаның кеңістіктік жағынан ажыратылған төрт бейнесін қалыптастыруға негізделген. Арналар арасындағы кеңістіктік параллакс абсолютті қашықтықты тікелей есептеу қажеттілігін жоя отырып, нысананың жою аймағына жету сәтін ақпараттық оқиға ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылған тәсіл цифрлық команданы қалыптастырудың минималды кідірісін, толық пассивті жасырындықты және сауытты объектілер мен инфрақұрылымды қорғауда сыртқы әсерлерге төзімділікті қамтамасыз етеді. Мақала 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландырумен қаржыландырылған ИРН AR261059/024 «Бронды қаруды ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылынан қорғау құрылғысының конструктивтік параметрлерін негіздеу және осы негізде оны құрудың тактикалық-техникалық спецификациясын әзірлеу» (зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады).
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
1. Тогусов А.К., Жантлесов Е.Ж., Беликов К.Л. Концепция многоуровневой интегрированной защиты бронетанкового вооружения и техники от поражающих воздействий беспилотных летательных аппаратов. // Вестник НУО. №1 (март), 2026 г. С. 175-181.
2. Революционную активную защиту танков от дронов придумали в России // WWW1: [сайт]. - 2026. - 30 апреля. - URL: https://www1.ru/news/2026/04/30/revoliutsionnuiu-aktivnuiu-zashchitu-tankov-ot-dronov-pridumali-v-rossii.html (дата обращения: 28.07.2026).
3. Средства борьбы с БПЛА [Электронный ресурс] // ГИТ-Холдинг: [сайт]. - URL: https://git-holding.ru/articles/sredstva-borby-s-bpla/ (дата обращения: 30.07.2026).
4. Патент № 37860 РК, МПК G06T 7/00. Программно-техническое устройство определения момента раскрытия ловчей структуры по результатам многоканального оптического анализа изображений/ А.К. Тогусов, Е.Ж.Жантлесов и др; заявитель и патентовладелец ТОО «R&D центр Казахстан инжиниринг» заявл, 27.12.2025;опубл.27.02.2026, Бюл,№ 8.-9 с.
