ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ІС-ҚИМЫЛДАРДЫ МОДЕЛЬДЕУДІ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.56132/2791-3368-2025-3-63-27-35Кілт сөздер:
тактикалық тренажерлер, оқыту әдістері, тренажер құралдары, техникалық оқыту құралдарыАңдатпа
Қазақстан Республикасында әскери білім беру жүйесін одан әрі дамытудың өзектілігі бірнеше факторларға байланысты. Олардың қатарында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, курсанттарды даярлауды жақсарту, даярлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын жаңғырту, сондай-ақ білім беру процесінің тиімділігін арттыру қажеттілігі бар. Цифрландыру жағдайында бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын ұйымдастыру және басқару үшін бірыңғай ақпараттық кеңістіктің көпфункционалды моделін құру ерекше маңызға ие. Оқу процесінің автоматтандырылған жүйесін енгізу оқыту сапасы мен сабақтардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді [1]. Бұл мақалада курсанттарды білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдана отырып, тактика пәні бойынша оқыту мәселелері қарастырылған. Курсанттарды тренажерлардың көмегімен оқыту алаңындағы жағдайды неғұрлым айқын еліктеуді, курсанттардың іс-әрекеттерін бақылауды неғұрлым сапалы жүзеге асыруды, кемшіліктерді тез анықтауды және оларды жою туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді. «Тактика» пәні бойынша сабақтар өткізу барысында тактикалық тренажерді қолдануды зерттеудің негізгі бағыттарының бірі жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру және басқару сапасы болып табылады.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
1. Burnaev Z.R., Zheksenbinov B.N., Ermekbaev M.M. On the issue of the integrated use of modern technical teaching aids in the educational process// Collection of materials of the Int. scientific and practical. conf. "Improving the training of personnel in military educational institutions of the CIS member states: problems, solutions, prospects". - Almaty, 2020. 115 – 120 p.
2. Improving the training of cadets based on the use of tactical simulators// Zharkevich L. L. - Minsk: BNTU. 2025. -32 p.
3. Improving the system of personnel training at the university: directions and technologies//Collection of scientific articles of the VI SV. (2020). 25-34. p.
4. Pakhomov E.S., Ilyin V.A., Shustova N.A. (2021). Using an original method//Bulletin of military education. № 6. 29-33 p.
5. Shumov V.V., Korepanov V.O. (2021). Study of game-theoretic models of combat operations//Mathematical game theory and its applications. 2021. p.80-96.
6. Rezyapov N. Development of computer modeling systems in the US armed forces//Foreign Military Review. № 6. (2007). 17-23 p.
7. Bizyakin S., Martynov M., Savin I. (2022). Implementation of modern teaching aids//Army collection № 02. 91-97 p.
