Журналды мұрағаттау және қолжеткізу  саясаты

Құрлық әскерлері Әскер иинститутының «хабаршысы» ғылыми-ақпараттық мерзімді басылымы Қазақстанның және шетелдік ғалымдардың әскери ғылым салаларындағы ғылыми зерттеулерінің өзекті мәселелерін және ғылыми нәтижелерін баспасөзде жариялауға бағытталған.

Журнал әскерибілім беру саласында қолданылатын іргелі және қолданбалы зерттеулерге қызығушылық танытатын қазақстандық және шетелдік  әскери жоғары оқу орындарының профессорлық – әскери оқытушылар құрамына, докторанттарға, магистранттарға және курсанттарға арналған.

Қолжазбаныжариялаушарттары:

Құрлық әскерлері Әскери институтының «Хабаршы» журналына жариялау үшін автордың бұрын шеттілдерінде жарияламаған, әскери саланы зерттеу тақырыбына сәйкес келетін, мақалаларды қабылдайды.  Автор қолжазбаны талаптар бойынша рәсімдеуі қажет.

Ғылыми мақаланы автор журналдың келесі нөмірі шыққанға дейін бір ай бұрын алдын-ала ұсынады. Автор қолжазбаны электрондық платформа арқылы жүктеуі тиіс.

Рецензентпен электрондық платформа арқылы жүргізіледі,  кейбір келеңсіздік орын алған жағдайда пошта арқылы жүзеге асады.

Редакция алқасы келіп түскен мақалаларды рецензияға жіберуін ұйымдастырады, мақаланы жариялауға не болмаса жарияламауға шешім қабылдайды.

Плагиатқатексеру:

Құрлық әскерлері Әскери институтының «хабаршысы» ғылыми-ақпараттық журналының редакциясына келіп түскен қолжазбалар плагиатқа тексеріледі. Мақалалардың тұпнұсқалығы 75% кем болмағанда ғана жарияланымға жіберіледі.  Басқа ғалымдардың еңбектеріндегі қағидаларды, ережелерді, пайдаланып жатса міндетті түрде сілтемемен көрсетуі керек.