Әскери оқу орыны курсанттарының тәртіптік дағдыларын қалыптастырудың мазмұны мен кезеңдері
PDF

Кілт сөздер

тәртәптік дағды, курсант, болашақ офицер, психологиялық-педагогикалық дайындық

How to Cite

Смағұлов, Б. ., & Қартбаева, С. . (2025). Әскери оқу орыны курсанттарының тәртіптік дағдыларын қалыптастырудың мазмұны мен кезеңдері . ҚӘӘИ «Хабаршы» журналы, (61), 69–76. https://doi.org/10.56132/2791-3368.2025.1-60-07

Аңдатпа

Мақалада болашақ офицердің әскери-педагогикалық қызметінің түрлерінің бірі ретіндегі тәртіптік іс-әрекетті білуге негізделген және тәртіпті тәрбиелеуге байланысты кәсіби міндеттерді табысты шешуге бағытталған әдістер пысықталған. Әскери маманның кәсіби маңызды сапасы ретінде тәртіпті дамытуға ықпал ететін тәртіптік сипаттағы мәселелерді шешу үшін арнайы педагогикалық шеберлік ретіндегі тәртіптік дағдыларға ие болу жолдары қарастырылған.

Ғалымдар зерттеулерінің қорытындылары негізінде болашақ офицердің тәртіптік дағдыларын қалыптастыру әскери жоғары оқу орындары курсанттарын оқытудың барлық кезеңінде жүзеге асыру зерделеніп, оқудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық дайындау процесінде курсанттарға тәртіптік дағдыларды қалыптастыру мәселелері қарастырылған.

Психологиялық-педагогикалық дайындық кзеңдері үшін тәртіптік дағдыларды қалыптастырудың басым педагогикалық стратегиялары белгіленіп, олардың мазмұны мен жүзеге асыру әдістері ашылды, педагогикалық стратегиялар кешенін қолдану мүмкіндіктері негізделді.

https://doi.org/10.56132/2791-3368.2025.1-60-07
PDF