ҚР Қарулы Күштері қызметшілерінің Әскери антының пайда болу тарихы баяндалады. Әскери ант дегеніміз – әрбір азамат мемлекеттің қарулы күштеріндегі әскери қызметке қабылданған (шақырылған) кезіндегі салтанатты ант беру рәсімі. Қарулы Күштерінің құрылуы мен жасақталуы және әскери анттың қабылдануына ықпал еткен армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтың өмірбаяндық естеліктеріне тоқталады. ҚР Президентінің Архивінде сақталған Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың анықтамалар, нормативтік құқықтық актілерге жасалған сараптамалар мен хаттарына, мұрағаттық құжаттарына талдаулар жүргізілген. Мақалада әскери ант қабылдау тәртібі туралы ережесіне тоқталады. Автор әскери анттың тәуелсіздікке қол жеткізген егемен ел үшін маңыздылығын айқындайды.