Экономикалық мінез құлық және стрестің өзара байланысы (несие алу мысалында)
pdf

Кілт сөздер

экономикалық мінез-құлық, экономикалық сана, стресс, қаржылық стресс, қаржылық сауаттылық, несие, ақшаға деген көзқарас

How to Cite

С.К. Бердібаева, Б.Ш. Ибатулин, A. Рахымжан, & К.Ш. Нурмухаметова. (2024). Экономикалық мінез құлық және стрестің өзара байланысы (несие алу мысалында). ҚӘӘИ «Хабаршы» журналы, 1(57), 54–67. https://doi.org/10.56132/2791-3368.2024.1-49-06

Аңдатпа

       Қазіргі Қазақстандық қоғамда несие қарыз алу мәселесі өте өзекті тақырыптардың бірі. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты қарапайым халық несие алуға жүгінеді, жұмыстан қысқартылуы, денсаулығының күрт нашарлауынан жұмыс істей алу қабілетінің төмендеуінен несие қарызын төлей алмай жатады. 

       Стресс - ерекше психикалық күй ретінде эмоциялардың пайда болуымен және көрінуімен байланысты, бірақ ол тек эмоциялық  құбылыстарға ғана тән емес, сонымен қатар тұлғаның мотивациялық, танымдық, ерікті мінез-құлық және басқа да компоненттерінде көрінеді.

     Психологиялық тұрғыдан қарағанда несие кезіндегі стресс өте күрделі жағдай, ол ақшаға байланысты жағымсыз эмоциялардың көбеюі болып табылады.

      Несиені төлей алмау адамның психологиялық әлеміне кері әсерін тигізеді, себебі адам үнемі корқыныш сезімінде жүреді, қалаған затын сатып алудан бас тартады, өйткені оның өтеу қажет несие қарызы бар.

      Бүгінгі таңда несиелер тұтынушыларға, әсіресе жастарға  сатып алу қажеттіліктерін, қалауларын қанағаттандыру үшін қарызға ақшаны оңай алуға мүмкіндік береді. Несие алу арқылы жастар өзінің арманына бір қадам жақындағандай болып сезініп, алдағы уақытта несие арбауына қалай түсіп қалғанын түсінбей жатады.

      Зерттеуде  жастардың несие қарызы кезіндегі стресінің көріну ерекшелігін эксперименттік зерттеу мақсатында келесі гипотеза тұыжырымдалды:   төменгі  деңгейдегі экономикалық мінез құлық және  жастық шаққа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін  ұғынылмаған деңгейде, эмоциялық қозумен несие алып, нәтижесінде стресске  ұшырайды.

      Жастардың несие қарызы кезіндегі стресінің көрінуінің ерекшелігін зерттеу барысында  келесі  қорынтындылар бекітілді:

      1.Жастар  әрдайым өзінің әл-ауқатын уайымдап жүретін, ақшаға не сатып алуға болатынын армандап отыратын, өзінің еңбек ақысын өзіне тиесіліден аз аламын деп ойлайды, өзінен көп ақша табатын адамдардан өзін төмен санайды.

  1. Ақша барлық мәселесін шешіп береді деп есептейді, ақшаны қанша жинаса да аз көреді, қарызға ақша беруді құптамайды, ай сайынғы жалақыдан гөрі апта сайыңғы жалақыны жөн көретін адамдар. Басқа адамды ақшамен басқаруды жөн көрмейді, ақшаны мақтан ететін құндылық ретінде есептемейді.

      3.Қазіргі замандағы стресс мәселесі өте өзекті тақырыптардың бірі болғандықтан, тек несиесі бар жастарда ғана емес, әрі  несие әсерінен  емес, басқа да сыртқы факторлар салдарынан стресс деңгейі жоғары болуы мүмкін. Несиесі бар жастардың стресс деңгейі несиесі жоқ жастардың стресс деңгейімен салыстырмалы түрде қарағанда (9,8 %) жоғарырақ болды.

      4.Жастарымызға құрдастарымен болу көп жағдайда маңызды емес, оқу үшін несие алғанды жөн көрмейді, жастардың ойы бойынша қоғамда адамға әлеуметтік мәртебе әсер етеді.

  1. Ата-ана баласының қаржылай сауатын ашу керек, сол арқылы оның болашақта ақшаға деген қатынасы, оны басқара алуымен байланысты болып келеді. Қаржылық сауаттылықты арттыру қаржылық жоспарлаудың практикалық пайдасын түсіндіру, қабылданған қаржылық шешімдер үшін жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады.

 

https://doi.org/10.56132/2791-3368.2024.1-49-06
pdf