Бұл мақалада әскери білім беру жүйесін реформалау жағдайында әскери мұғалімдерді даярлау мәселелері қарастырылған. Әскери жоғары оқу орындарының оқу жүйесінде педагогикалық қызметті жоғары біліктілік деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әскери оқытушыларды даярлаудың ерекшеліктері зерттеліп, ұсынылған. Сондай-ақ, әскери жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық даярлығының жүйелілігі мен сапасы әскери оқу орындарының оқу-тәрбиелік қызметінің табысты болуына, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлерге жоғары білікті офицерлер даярлаудағы шешуші факторлардың бірі болып табылатыны сипатталған. Әскери жоғары оқу орындары үшін оқытушылар даярлау жүйесін реформалау қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.