Сунь Цзы тағылымы және «Соғыс өнерінің» қазіргі қытайдың қауіпсіздік саласындағы маңызы
Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда өмір сүрген қытай ойшылы, әскери қолбасшы
Сунь Цзының «Соғыс өнері» трактаты соғыс жүргізудің әдіс-айласын жан-жақты
жетілдірген, заманауи әлемдік мәдениетте ерекше орны бар, әскери басшылыққа өте
тиімді кеңестер қамтылған ең өзекті нұсқаулықтар жиынтығы болып табылады.
Ұсынылған мақалада Сунь Цзы ілімінің тарихи маңызына баға беріледі, әрі ғұлама
ойшылдың жасаған тұжырымдарының қазіргі заманғы әскери қимыл-әрекеттерде,
мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және қоғамдағы қарым-қатынас үдерісінде
пайдалану мүмкіншілігіне талдау жасалады.