Әскери ғылыми конкурс Қаһарман
Ереже
I. Жалпы ереже
1.1. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған әскери-ғылыми зерттеу конкурсының мақсаты, конкурстың талабы, конкурсқа құжаттарды жіберу тәртібі, комиссияны бекіту, инновациялық жобаларды марапаттау тәртібінен Тұрады.
1.2. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың атына арналған Әскери-ғылыми-зерттеу конкурсы жыл сайын 25 – ші Мамырда өтіледі.
1.3. Мақсаты:
1) Әскери ғылымның даму мүмкіндіктерімен әлеуетін арттыру.
2) Жас ғалымдардың әскери ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету.
3) Қазақстан Республикасының интеллектуалды потенциалының қалып-тасуына ықпал ету.
1.4. Конкурсқа Республикамыздың Жоғарғы оқу орындары (ЖОО) мен Әскери Жоғарғы оқу орындары қатыса алады.
1.5. Әскери ғылым саласындағы мәселелердің шешу жолдарын көрсететін, өте өзекті, практикалық маңызы жоғары ғылыми жұмыстар қабылданады.
1.6. Хабарландыру және конкурстың өту тәртібі туралы ақпараттық хат ҚР ҚК Қорғаныс министрлігінің сайтында және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында жарияланады.
1.7. Іс-cапар қаражатын конкурсқа қатысушы тарап өздері төлейді.
1.8. Комиссия мүшелерінің ғылыми дәрежелері болуы міндетті, мүшелер ғылыми институттардан, ғылыми ұйымдардан және конкурсқа қатыспайтын ЖОО-дың , Әскери ЖОО арасынан бекітіледі.
1.9. Конкурс үш кезеңнен тұрады.
1-ші кезең 14 сәуірге дейін құжаттарды қабылдау, конкурстың құжаттарымен сәйкестігін қарау.
2-ші кезең 14-15 cәуір спикердің жіберген электронды құжаттарын тексеру.
3-ші кезең 25 cәуір конкус офлайн форматта өтеді.
1.10. Конкурсқа келіп түскен студенттердің, курсанттардың ғылыми жұмыстары қайтарылмайды.
1.9. Конкурс үш этаптан тұрады.
1- кезең. Сәуірдің 1 – 14 Ғылыми жұмыстың құжатын тексеру. (ара қашықтықта)
2- кезең. Сәуір 14 – 25 Спикердің электронды жіберген материалын тексеру. Бір ай көлемінде қаралым жинау.
3- кезең. Мамырдың 25-і Конкурсты офлайн форматта өткізу. Комиссия алқасының шешімімен конкурс жеңімпаздарды анықтау.
1.10. Студенттер мен курсанттардың конкурсқа қойылған ғылыми жұмыстары қайтарылмайды.
ІІ. Құжатты жіберу уақыты мен тәртібі
2.1. Әскери ғылыми-зерттеу конкурсының талабы бойынша қатысуға көрсетілген уақыттан кешікпей өтініш беру. Қатысушы өтініш толтырады.
2.2. Ұсынылып отырған ғылыми жұмыс брошюра түрінде шығарылған сонымен қатар электронды түрде дискіде өткізілуі керек.
2.3. Әскери ғылыми-зерттеу конкурсына келіп түскен ғылыми жұмыстар ашықтыққа негізделген болуы тиіс. Антипалгиаттан тексеріледі.
2.4. ғылыми жұмыс Microsoft Word, Times New Roman 14 шрифт, А 4 форматта, cол жағы -3, жоғары жағы мен төменгі жағы - 2, оң жағы - 1,5.
2.5. Спикер бейнематериалды жазғанда 5 минуттан аспайтын инновациялық және soft skills (сыни ойлау, ақыл тереңдігі, креативті, әлеуметтік интеллектісі, коммуникативті дағдылары) қамтылуы керек.
2.6. Құпиялық жоқ деген растау анықтамасы.
2.7. Ережені бұзған ғылыми жұмыстар болса конкурсқа жіберілмейдіү
2.8. Конкурстық жұмыстар келесі критерий арқылы бағаланады.
1) Зерттеу тақырыбының өзектілігі
2) Зерттеудің ғылыми жаңалығы
3) Практикалық құндылығы
4) қортындының шынайлығы және ұсынысы;
ІІІ. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі
3.1. Бас жүлде алған жеңімпазға Сағадат Нұрмағамбетовтың мүсіні тарту етіледі. (Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығының алғыс хаты табысталады).
3.2. «Қаһарман» конкурсының 1,2,3 орын алған жеңімпаздары І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
3.3. Орын ала алмаған конкурстың қатысушыларына конкурс комиссиясының шешімімен сертификат табысталады.
3.4. Ғылыми жетекшілеріне Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығының алғыс хаты табысталады.
ІV. Әскери ғылыми конкурсқа қолдау көрсету
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ҒЖБМ, Алматы қаласының әкімдігі, «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қайырымдылық қоры.