Сарбаздардың психикалық денсаулығын сақтау және әскери орта жағдайларына бейімделуін психологиялық қамтамасыз ету
Мақалада әскери психологтың сарбаздардың психикалық денсаулығын сақтау мен әскери өмірге бейімделу процесін психологиялық қамтамасыз етуге арналған жұмыстарын ұйымдастыру барысы талданады. Сарбаздардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әлеуметтік-психологиялық жұмыстың әскери қызмет жағдайларына бейімделуді психологиялық қамтамасыз ету, сарбаздардың қызметтік-әскери іс-әрекеттерінің табыстылығын болжау, психологиялық көмек көрсету және т.с.с. әскери психолог іс-әрекетінің міндеттерін табысты түрде шешуге негіз болады. Бұл жұмысты психологиялық қамтамасыз ету жүйесінің негізі деп санауға болады.