Осы мақалада автор заманауи білім беру жүйесіне ерекше ықпал жасаған зерттеулерді қарастырады. Білім беру реформаларын жасаған елдердің ұтқан және ұтылған тұстарын көрсетеді. Гарвард университетінің профессоры Майкл Барбер мен Мона Муршед, Мак Кинси, Майкл Фулланның көзқарастарына талдау жасайды. Метаталдаудың бірнеше зерттеулердің нәтижелерін статистика әдістерімен біріктіре отырып олардың ұқсастықтары немесе ерекшеліктерін айқындауға талпыныс жасайды. Мұғалімдер өз пәндерінен сабақ беру әдісін жақсартпай, оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға болмайтынын жеткізеді. Педагогикалық кәсіпте ең басты мәселе әр мұғалімнің өз кәсіби шеберлігін тұрақты түрде жақсартамын деген талпынысы ғана жетістікке жетудің бірден – бір жолы екенін түсіндіреді. Сонымен қатар 2020 жылдың наурыз айынан бастап оқу жүйесіне етене енген цифрлық оқыту технологияларын қолданудың маңыздылығына тоқталады.