Бұл мақалада тәуелсіз Қазақстанның алға қойған өзекті мәселелерінің бірі мемлекеттік пен тұтастық тұрғысындағы әскери кадрлерді ерте жастан дайындау мәселелері туралы айтылады. Аталмыш мәселенің нәтижесіне қол жеткізу үшін мақала авторы жас ұрпақ санасында тарихи ойлау қабілетін ерте жастан қалыптастырып, ұлтжандылыққа Отандық тарих пәнінің аясында жұмыс жасау керектігін айтады. Мақала авторы сонымен қатар Отандық тарихтың қоғамда алатын орны мен оның маңыздылығыт туралы да айтады. Мектеп қабырғасында оқитын оқушылардың тарихи ойлау қабілеттерінің қаншалықты жоғары болуы соншалықты келешекте мемлекеттің өміршеңдігі мен қауіпсіздігіне жауап бере алатын әлеуметтік феномен. Тарих пәнін дұрыс оқыта алу арқылы келешекте мемлекетке қажеттілік тудыратын сапалы әскери ресурстардың санын көбейтсек болады.