Мақалада жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін зерделеу кезінде қолданатын әдіснамалық тұғырдың педагогикалық талдамасы ұсынылған. Моральдық-психологиялық жай-күйдің педагогикалық диагностикалауының ішкі мазмұны, сонымен қоса идеялы және құндылық нысандар көзқарастары ашылған. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін педагогикалық диагностикалауының қолдануы бойынша әдіснамалық тұғырлардың әлеуеті қарастырылған. Аксиологиялық, жеке өзіндік, және құзыреттілік тұғырлардың ішкі мазмұны мен ұғымның анықтаулары беріледі. Қазақстан азаматтары, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскериқызметкерлерінің бойында қалыптасуы-мыс құндылықтарының егжей-тегжейлері ашылған.
Педагогикалық процестегі жеке өзіндік тұғырды ашу кезінде, басшының жеке тұлға ұғымына, әскериқызметкерлердің жеке-өзіндік ерекшеліктеріне және моральдық-іскери қасиеттерін білу қажет ететіне көңіл бөлінеді. Құзыреттілік тұғырды зерттеу барысында, Қазақстан Шекара қызметінің қызметтік және жауынгерлік іс-әрекетін моральді-психологиялық қамтамасыз ету шеңберінде жеке тұлғаны тіршілік әрекетінің субъекті ретінде мінездеме беруіндегі құзыреттіліктер ашылады. Әдіснамалық тұғырларды жеке құрамның моральді-психологиялық жай-күйін педагогикалық диагностикалауына өлшеп қарауы қолданылады.