Қытай тіліндегі әскери атау терминдер және қытай мен қазақтың тарихи байланыстары
pdf

Кілт сөздер

қытай, қазақ, тілдік байланыс, тарихи қатынас, жаугершілік, әскери жару-жарақ, сөздік құрам, салыстыра зерттеу, фактор

How to Cite

Мұстафаұлы, С., Арзыкулов , А., & Мугалов, М. (2022). Қытай тіліндегі әскери атау терминдер және қытай мен қазақтың тарихи байланыстары. ҚӘӘИ «Хабаршы» журналы, (52), 67–78. https://doi.org/10.56132/2791-3368.2022.4-49-07

Аңдатпа

Мақалада қытай қазақ тілдерінің ғасырлар қойнауында қалыптасқан қарым-қатынасы тарихи лингвистикалық тұрғыда талданған. Лингвистикалық зерттеулер саласында әрбір халықтың тілін оның өткен тарихымен, олардың өздері жасаған қоғамдық-әлеуметтік ортасы, өзге ұлттармен өзара қарым-қатынасы сияқты факторлармен бірлестіре зерттеудің біздің тілдің даму тарихынан қажетті деректер алуымызға көптеген мүмкіндіктер беретін ең ұтымды жол екендігі қазіргі тіл ғылымында дәлелденіп отыр.

Қазақ халқының өз заманында шығыстағы тарихи көршісі қытай халқы мен арадағы әр алуан тарихи байланыстар нәтижесінде, бір қатар қытай сөздері көне түркі тіліне енген болса, енді бір бөлім түркі сөздерінің көне қытай тіліне еніп орнығуы да заңды құбылыс.

Мақалада тіліміздегі бірқатар сөздердің төркінін табу, олардың күңгірттенген мәнін ашу арқылы қазақ халқының әр алуан дәуірлерде басқа халықтар мен әсіресе тағдыр қосқан тарихи көрші қытай халқымен болған қарым-қатынасын немесе өзінің ертеректегі жай-күйін, тыныс-тіршілігінен толық мәлімет алудың мүмкіндіктері нақты фактілермен ашып көрсетіледі.

 

https://doi.org/10.56132/2791-3368.2022.4-49-07
pdf