XV-XVIIғ. Қазақ хандығының әскери дәстүр тарихы
Мақалада XV-XVII ғасырлар аралығында Қазақ хандығының әскери дәстүрі туралы жазылған. Елдің террриториялық тұтастығын сақтау үшін құрылған қазақ әскерінің тарихы туралы, шабуылдар барысында қолданылған негізгі тактикалық әдістер мен маневрларды қарастырады. Әскерді басқарудағы Қазақтардың әскери тарихының аспектілері туралы, әскери өнерінің спецификалық ерекшелігін зерттеуге талпыныс жасалған. Біздің бабаларымыздың соғыс тәжірибесі мен заңдарын әлем елдерінің қарулы күштері қабылдап, әскери жүйесін жасақтағаны жайында сипаттайды. Қазақ жауынгерлерінің тактикалық әдістері әскерді ұйымдастырудың озық үлгісі екенін дәйектейді.