Мақалада әскери қызметшілердің тұлғалық қасиеттердің ерекшеліктері қарастырылған. Кез-келген мамандық үшін адамның сол қызмет түріне кәсіби жарамдылығына мән берген жөн. Қарулы күштер және әскери құрылымдар қоғам мен мемлекеттің ажырамас бөлігі болып табыладды. Автор мақалада қарастырылатын тұлға және іс-әрекет психологиясы әскери қызметшілердің әрбір әрекетінде көрініс табатынын жеткізеді. Әскерде жауынгерлік мүмкіндіктерінің маңызды элементі-әскери қызметшілердің жоғары моральдық-психологиялық жағдайы екенін көрсетеді. Моральдық жағдай адамдағы, жойқын бомба мен ауыр танкке қарағанда ең күшті қару. Жоғары моральдық жағдай - бұл жеңілісті жеңіске айналдыратын құрал деп те айтуға болады. Моральдық-психологиялық жағдай - бұл психологиялық мүмкіндіктердің жиынтығы, жауынгерлік жағдайда белсенді және жанқиярлық әрекеттерге әр әскери қызметшінің психикасының жұмылдыру дәрежесі мен көңіл-күйі екені рас. Ізденуші сарбаздардың жауынгерлік рухын нығайтудың маңызды факторы, олардың қазіргі заманғы күшті стресстерге психикалық тұрақтылығын қалыптастыруға бағыттаудың жолдарын, әдіснамасын ұсынады. Әскери қызметшілердің жауынгерлік міндеттерін тиімді шешуде алдымен психологиялық дайындығы маңызды рөл атқаратынын дәйектейді.