Курсанттың әлеуметтік интеллектінің дамыту үдерісін модельдеу
PDF (Русский)

Кілт сөздер

әлеуметтік интеллект, модель, әскери білім, білім беру ортасы, құрылымы, оқыту әдістері мен құралдары, даму мониторингі.

How to Cite

Жасанова, Ж. ., & Жасанов, К. . (2025). Курсанттың әлеуметтік интеллектінің дамыту үдерісін модельдеу. ҚӘӘИ «Хабаршы» журналы, (61), 59–68. https://doi.org/10.56132/2791-3368.2025.1-60-06

Аңдатпа

Мақалада әскери арнайы оқу орны түлегінің жеке және кәсіби құзыреттілігі ретінде әлеуметтік интеллектті дамытудың құрылымдық-мазмұнды моделі ұсынылған. Модель мақсатты, мазмұнды, белсенділік және бақылау-бағалау блоктарын қамтиды. Әскери оқу орнының білім беру ортасында әлеуметтік интеллекттің даму процесін жүйелеуге және біріктіруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік интеллекттің дамуына ықпал ететін практикалық аспектілер назар аударылады. Әдіснамалық негіз ретінде құзыреттілік, жүйелік, орта және белсенділік тұғырлары қолданылды. Ұсынылған модель кәсіби ортада өзара әрекеттесу үшін офицерлерді даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің АР196119/0222 ЖТН гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде жүргізілді

https://doi.org/10.56132/2791-3368.2025.1-60-06
PDF (Русский)