Қазақстан Республикасының транзиттік дәліздер жүйесіндегі автомобиль өткізу бекеттерінің жұмыс істеу талдауы: мәселелер мен даму перспективалары
Мақалада негізгі автомобиль көлік-транзит дәліздері мен олардың бағыттарында орналасқан автомобиль өткізу бекеттеріне шолу жасалған. Автомобиль өткізу бекеттерінің жұмыс істеуі тұрғысынан автомобиль көлік-транзит дәліздерінің дамуына талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының көлік-транзит дәліздерінің дамуына кедергі келтіретін автомобиль өткізу бекеттерінің проблемалық аспектілері анықталып, ашылды. Мақала Қазақстан Республикасының көлік-транзит дәліздері жолдарындағы автомобиль өткізу бекеттеріндегі мәселелерді зерттеу аясында дайындалды.