Соғыс жылдары аралығында стратегиялық резервтерді құруға және пайдалануға әскери-теориялық көзқарастың дамуын зерделеу қажеттігі әскери стратегияның даму тәжірибесін тереңдете зерделеу қажеттілігімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы әскери құрылымының қазіргі заманғы міндеттерін шешуде стратегиялық резервтерді құру мәселесімен негізделеді. Осы мақалада болашақта мемлекет тартылуы мүмкін соғыстарда стратегиялық резервтерді алдын ала құру және пайдалану процесіне өз дамуын дүниежүзілік соғыс жылдары арасында алған, әскери өнердің кеңестік теориясының теоретиктері мен практиктерінің көзқарасына талдау жүргізілген. Осы талдаудың негізінде заманауи кезеңде стратегиялық резервтерді қалыптастыру теориясын дамытуға жауап беретін лауазымды адамдардың назарын аударуды қажет ететін кейбір сұрақтар анықталды.