Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жеке құрамын тәрбиелеуге әлемдік және дәстүрлі діндердің әлеуетін пайдалану ерекшеліктері
Мақалада Қазақстан Республикасының 2021 жылғы халық санағын талдау және Ф. Эберт қорының әлеуметтанулық зерттеулері негізінде қазіргі қазақстандық қоғамдағы сенушілердің саны қарастырылады. Ғылыми әдебиеттерді, социологиялық зерттеулерді, нормативтік-құқықтық құжаттарды, әскери тәжірибені талдау негізінде Ұлттық ұланның жеке құрамымен тәрбие жұмысында әлемдік және дәстүрлі діндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылады.