Әскери ЖОО-дағы педагогикалық технопарк зияткерлік пәнаралық білім беру ортасы және педагогикалық жобалау мен модельдеуге, оқытушылар мен білім алушы офицерлердің заманауи (цифрлық) құзыреттіліктерін игеру және пәнаралық және мета-пәндік құрастыру тәжірибесін алу мақсатында олардың ынтымақтастығына арналған заманауи зертханалық-қаныққан оқу кеңістігі ретінде орналастырылуы тиіс. Мақалада сонымен қатар әскери университет оқытушыларын педагогикалық технопарк ресурстарын пайдалануға дайындаудың авторлық моделі келтірілген. Әскери ЖОО оқытушыларын педагогикалық технопарк ресурстарын пайдалануға даярлаудың енгізілген жүйесі цифрлық құзыреттер шешуші рөл атқаратын оқытудың заманауи әдістерін тиімді игеруді қамтамасыз етеді.
Ғылыми мақала 2024-2026 жылдарға арналған «әскери ЖОО-ның білім беру процесінде педагогикалық технопарк ресурстарын пайдалануға оқытушыларды даярлау» ЖРН АР 23488037 гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде жарияланды (зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады).