Компьютерлік симуляторлар – болашақ офицерлер мен сержанттарды дайындауға арналған заманауи құралдар
pdf (Русский)

Кілт сөздер

военные симуляторы, офицеры и сержанты, компьютерные технологии, Институт военного дела, процесс обучения, виртуальная платформа, «Геотактика».

How to Cite

О.Е. Степаненко, & С.Д. Еримбетов. (2024). Компьютерлік симуляторлар – болашақ офицерлер мен сержанттарды дайындауға арналған заманауи құралдар. ҚӘӘИ «Хабаршы» журналы, 1(57), 68–78. https://doi.org/10.56132/2791-3368.2024.1-49-07

Аңдатпа

Осы мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасында бірқатар мемлекеттердің қарулы күштерінің жауынгерлік даярлығында қолданылатын әскери компьютерлік ойындардың пайда болуының алғы шарттарын, кезеңдері мен даму перспективаларын, сондайақ Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің жауынгерлік даярлығын қамтамасыз ету әрекеттерін қарастыру болды. Әзірленген әскери компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, әртүрлі әскери тренажерларға салыстырмалы бағалау жүргізу.

Қазақстан Республикасындағы болашақ офицерлер мен сержанттарды нақты ұрыс қимылдарына дайындауға қазіргі кезеңдегі әскери қарудың тренажерлары маңызды рөл атқарады. Олар әскери іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін имитациялауға көмектесетін компьютерлік бағдарламалар немесе физикалық құрылғылар.

Компьютерлік модельдеуді қолданудың басты артықшылықтарының бірі - өмір мен ресурстарға қауіп төндірмей, шынайы ұрыс жағдайларын жасау мүмкіндігі. Болашақ запастағы офицерлер мен КЕҰ стратегиялық және тактикалық дағдыларды дамыту, нақты уақытта шешім қабылдау және бөлімшелерінің әрекеттерін үйлестіру үшін модельдеу арқылы кәсіби дағдыларын арттыра алады.

Біздің ойымызша, әскери қару-жарақ тренажерларын қолдану әскери қарумен жұмыс істеуде тамаша дағдыларды алуға мүмкіндік береді, жаңадан бастағандар үшін жаттығу уақытын қысқартады, реакциялар мен жылдам шешім қабылдауды жақсартады және, әрине, жаттығу кезінде жарақат алу қаупін азайтады.

Осылайша, қару-жарақ пен әскери техниканың тренажерлары тыңдаушыларға уақыт пен ресурстарды үнемдей отырып, жауынгерлік қимылдар атмосферасына еніп, әртүрлі әскери қару-жарақ пен техниканы сынауға мүмкіндік береді. Бұл дәстүрлі әскери дайындықты тиімді толықтыратын заманауи әдіс.

https://doi.org/10.56132/2791-3368.2024.1-49-07
pdf (Русский)