Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау тәсілдерін жетілдіру
Мақалада ұзақ мерзімді сақтаудағы әскери техника қозғалтқышының цилиндрлерін оны автоматтандыру арқылы жууды басқару процесін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеудің практикалық компоненті қарастырылады. Қозғалтқыш цилиндрлерін ішкі консервациялау, сақтау және консервациядан шығару кезінде бензин және дизель қозғалтқыштарының цилиндр поршенді тобында жуу жөніндегі қондырғының негізгі құрамдас бөлігі ашылады.