Бұл мақалада Корея Республикасының Қарулы Күштерінің жағдайы сипаталады. Корей Республикасының соңғы кезде әскери саласының заманауи ағыммен алдыға ілгерілегені көрсетіледі. Мақалада әскери саладағы реформаға түсінік беріледі. Корея Республикасының армиясын дамытуға, ақпаратты-иновациялық қуатын арттыруға және сырт жақтан тиетін қауіпті алдын-алу жолдарын қарастырады. Зерттеу осы саяси құбылысты халықаралық реалистік саяси тұрғыдан талдап, оның проблемалары мен шектеулерін ашып көрсету арқылы бұл мәселеге өнімді және ұстамды көзқарасты ұсынуға тырысты. Зерттеуге қатысты халықаралық шарттардағы деректерге, үкіметтер арасындағы ресми келісімдер мен декларацияларға, ресми жауаптар мен мақалаларға негізделген.