ҚР әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешуде халықаралық тәжірибені қолдану
pdf (English)

Кілт сөздер

military equipment, defense system, international experience, digitalization, armed forces.

How to Cite

А. Abdykhalykuly, & A.S. Tuleubekov. (2023). ҚР әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешуде халықаралық тәжірибені қолдану. ҚӘӘИ «Хабаршы» журналы, 4(56), 61–67. https://doi.org/10.56132/2791-3368.2023.4-49-07

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы әскерлерін техникалық және тылдық қамтамасыз етудің заманауи мәселелері және әлемнің жетекші дамыған елдерінің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, оларды шешу жолдары қарастырылған. Біздің еліміз үшін тылдық қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртудың әлемдік тәжірибесін зерделеу, оны дағдарыстық жағдайларды шешу жөніндегі операциялар кезіндегі әрекеттерге дербес те, ЕҚЫҰ коалициясы топтамасы құрамында да дайындау стратегиялық маңызды болып табылады. Мемлекеттің Әскери доктринасының әскери күшті қолдану жөніндегі ережелері қатаң қорғаныстық сипатта болғанына қарамастан, республиканың әскери қауіпсіздігі әлеуетті күштерден күтілетін қауіптерді ескере отырып, қарулы күштерді қолданудың жаңа нысандары мен әдістеріне тікелей байланысты. Ал мұнда материалдық-техникалық жүйе маңызды рөл атқарады.

Мақалада Қазақстан Республикасы әскерлерін техникалық және тылдық қамтамасыз ету мәселелерінің қатарында бірлескен әскери іс-қимылдарды дайындау және өткізу тәсілдерінің ұлттық айырмашылықтары; бірқатар ұлттық әскери жүйелердің сәйкес келмеуі; көлік инфрақұрылымы объектілерінің дамымаған желісі және жеткізуді тасымалдау логистикасындағы қиындықтар. Оларды шешудің нұсқасы ретінде «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» бағдарламасы шеңберінде экономиканың азаматтық секторымен ынтымақтастыққа негізделген тылдық қамтамасыз ету жүйесінің үлгісін әзірлеу ұсынылды. Бұл ретте тылдық және техникалық қамтамасыз етуді жаңғыртудың негізгі бағыты логистикалық басқару процестерін цифрландыру және автоматтандыру, материалдық ресурстарды есепке алу және бөлу болуы тиіс.

https://doi.org/10.56132/2791-3368.2023.4-49-07
pdf (English)