Мақалада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылуының 30 жылдық тарихи кезеңіндегі, яғни Тәуелсіздік жарияланған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі әскери саланың дамуының мәселелері қарастырылған. 30 жылдың ішінде жеткен жетістіктері мен әскери кадрларды даярлау жүйесіндегі мәселелер көрсетілген. Әскери доктрина ел саясатының негізгі бағыттарының бірі екенін ескере отырып, құжаттарды талдауға талпыныс жасалады. Әскери саланы одан әрі дамыту мен әскери дайындықты арттырудың маңыздылығына тоқталады. Нәтижесінде, Қазақсан Қарулы Күші Тәуелсіздіктің ең басты тірегі болып табылатын бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылықтың мықты тұғыры екендігі анықталады.
DOI: https://doi.org/10.56132/ 2791-3368.2022.2-49-01