Бұл мақалада таяу шығыстағы, дәлірек айтқанда Сирия Араб Республикасындағы соғыс қимылдары тәжірбиесіне негізделген елді мекенде іс-қимылдар жүргізу кезінде жаудың әрекет ету тактикасы қарастырылады. Мақалада мысалдармен, нақты деректермен берілген және әскери мамандардың талдауларына сараптама жүргізілген. Біздің заманымызда жаудың соғыс әрекеттері заңсыз қарулы құрама екенін көрсетеді. Заңсыз қаруланған топтардың кез-келген қарулы қақтығыстарға қатыса алатыны өз еркімен ақшаға жалданатын адамдардан тұратыны сипатталады. Сирия қарулы күштеріне қарсы өткен қорғаныс, шабуылдаушы және ережеге сай емес заңсыз қаруланған топтардың тактикалық іс-әрекеттері мысал ретінде келтіріліп талқыланған. Автор қарсылас жаудың тактикалық іс-әрекеттерін, ойлау қабілетін және олар туралы нақты мәліметтерді білмейінше жеңіске жетудің оңайға түспейтінін дәйектейді.