3D Принтер – қару бөлшектерін ең қысқа мерзімге өндіруді жоспарлау
pdf

Кілт сөздер

Параллель машиналық жоспарлау, соғыс уақытында қару бөлшектерін өндіру, 3D-баспалау, субпартиялық өндіріс, зерттеу.

How to Cite

Е.З. Нугман, М.К. Сагынтай, & А.К. Мұстафа. (2023). 3D Принтер – қару бөлшектерін ең қысқа мерзімге өндіруді жоспарлау. ҚӘӘИ «Хабаршы» журналы, (54), 27–38. https://doi.org/10.56132/2791-3368.2023.2-49-04

Аңдатпа

Бұл зерттеуде параллель машиналық жоспарлау арқылы 3D принтері көмегімен қару
бөлшектерінің өндірісін оңтайландырудың математикалық моделін ұсынылады. Жаумен
шайқас аяқталғаннан кейін көптеген қару-жарақтар зақымданады. Зақымданған қару толық,
орташа немесе болмашы зақымданғандар санатына жатқызылады. Олардың iшiнде
болмашызақымданған қарудың бүлiнген немесе жоғалған бөлiгiн жай ауыстыру арқылы
жөнделгеннен кейiн бiрден қайтадан пайдалануы мүмкiн. Алайда ұрыс алаңындағы
әскерлердің үнемі орындарын ауыстырып жүруіне байланысты мыңдаған қару бөлшектерін
алып жүру іс жүзінде мүмкін емес. Осы жағдайды жақсарту үшін 3D-принтерді белгілі бір
блокта алып жүруге және де болмашы зақымданған қаруды жөндеу үшін дала жағдайында
қажетті бөлшектер жасап шығаруға болады. Бұл мақсат бойыншаәр шайқас аяқталғаннан
кейін қысқа мерзімде қажетті бөлшектерді шығаруды жоспарлау моделін ұсынылады.
Бірнеше 3D принтерлер жиынтығы параллельді машина ретінде жұмыс жасай алады және
әр түрлі бөлшектер шығара алады. 3D принтерлер бір уақытта әр бөлік үшін дайын өнімді
шығара алады немесе әр бөлік үшін жеке екі қосалқы бөлік шығара алады, бірақ егер олар
жеке қосалқы бөліктер жасаса, ол құрастыруға арналған қосымша бекіту өндірісіне
байланысты сол бөлік үшін жұмыс жүктемесін арттырады. Яғни, дайын өнімді бірден
өндірген жағдаймен салыстырғанда қосалқы бөліктерді жеке-жеке дайындау жағдайында
осы бөлік бойынша өндірістің жалпы уақыты одан да ұзақ болады. Соған қарамастан, бұл
зерттеу қару бөлшектерін дайындаудың субпартиялық тұжырымдамасын енгізу арқылы 3D
принтердің өндірістік кестесін жоспарлағанда өндіріс уақытын қысқартуға болатынын
растайды.

https://doi.org/10.56132/2791-3368.2023.2-49-04
pdf