Бұл мақалада әскери бөлімдегі лауазымды тұлғаның біріккен техникалық қызмет көрсету жүйесінде мезгілді қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырып қамтамасыз етуі қарастырылады. Қолбасшы мезгілдік қызметпен қамтамасыз ету барысында бекітілген бұйрық тармақтары анықталады және ауыстыру туралы негізгі іс-шараларына тоқталады. Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы және қысқы жағдайда тасымалдау үш кезеңге бөлінген, олардың әрқайсысымен жұмыс орындау тәртібі туралы үкімі көрсетілген. Лауазымды тұлғалардың мезгілдік қызмет көрсетудің кезеңдері мен міндеттері сипатталған. Кестеде атыс және жұмыс үшін бөлінетін уақыт және мезгілдік қызмет, нөмірлік техникалық қызмет көрсету сыйымдылығы мен негізгі жұмыстары көрсетілген. Қару-жарақты қысқы мезгілдік тасымалдаудың агрегаттары мен мінездемелік түйіндерінің істен шығу мәселелерін көтеріп оның шешілу жолдарына ұсыныс жасайды.