Сізді, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери
институтында 2023 жылдың 16 қараша күні өтетін «Жастар және армия:
мәселелері мен оның шешілу жолдары» атты тақырыбына халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты: «Жастар мен армия» мәселелері бойынша
қоғамдық сұхбатты өзектендіру.
Бағытталған аудиториясы: ұйымдастыру комитеті курсанттарды,
студенттерді, магистранттарды және жас ғалымдарды шақырады.
Конфренцияның ресми тілдері - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Өткізу формасы: офлайн және онлайн.
Конференцияны өткізу форматы 2 секцияда өткізу қарастырылған.
1 секция. «Қазіргі таңдағы әскери борышты өтеудің өзекті
мәселелері»:
– әскери қызметке шақыру және ұйымдастыру ерекшеліктері;
– қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі
әскери борышты өтеудің орны мен рөлі;
– әскерлерді техникалық және тылдық тұрғыдан қамтамасыз етудің
жолдары;
– акпараттық қауіпсіздік және дерек көздерді сақтау қауіпсіздік кепілі.
2 секция. «Армия мен қоғам мемлекеттің ажырамас бөлігі»:
– жастар
және
армия
тұжырымдамасы әлеуметтік-психологиялық
кеңістігінде;
– ұлы даланың әскери тарихы мен өнері;
– әскери борышты өтеудің құқықтық жүйесі мен міндеттері.
Өткізу орны: Алматы қаласы, Красногорская көшесі 4, Сағадат
Нұрмағамбетов
атындағы
Құрлық әскерлерінің Әскери институты
Республикалық Мемлекеттік мекемесі. Мәдени-демалыс орталығында өтеді.
Конференцияға қатысу тегін.
Конференцияға қатысушыларды тіркеу: сағат 9:00 – 9:45.
Конференцияның басталуы: сағат 10:00-де.Қатысу шарттары
Конференцияға қатысу үшін қатысушылар төмендегі өтінішті толтырады,
мақаласын Microsoft Word (2007) форматында Сағадат Нұрмағамбетов
атындағы
Құрлық әскерлері Әскери институтының мекенжайына
«Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға» деп көрсетуі тиіс.
Материалды қабылдау мерзімі: 31.10.2023 жылға дейін.
Жоғарыда көрсетілген ақпаратты ұйымдастыру комитетінің электрондық
мекен-жайына: nauka.visv@gmail.com немесе төмендегі мекен-жайға жолдау
қажет: 050030, Алматы қаласы, Красногорская көшесі 4, Құрлық әскерлерінің
Әскери институты Республикалық Мемлекеттік мекемесі, анықтама
телефондары: 8-778-072-77-09, 8-778-072-77-58. факс 8(727)290-17-48. Ұялы
телефон: 8-775-987-04-23.
Ұйымдастыру комитеті: ә.ғ.к., ф.д. (PhD) полковник Кадиркулов Ш.К.,
ф.ғ.к., доцент Нурмухаметова Қ.Ш., майор Макаев Е.Т.
Қатысушының өтінім түрі
Т.А.Ә.
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми
атағы, әскери атағы
Баяндама тақырыбы
Секция аты
Мекеменің толық атауы
Байланыс телефоны
Электрондық мекенжайы
Жеке куәліктің нөмірі (Кіммен және
қашан берілді)
Конференцияға қатысу түрі
Конференция баяндамаларын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Баяндама мәтіндері А4 форматында, Microsoft Word, мәтіндік
редакторында теріледі, қарпі Times New Roman, парақтың жан-жағынан
түзетілуі – 20 мм, кеглі 14, жол аралығы – 1. Мемлекеттік, орыс немесе
ағылшын тілдерінде терілген 5-6 парақтан аспайтын мәтін көлемі электрондық
және басып шығарылған түрінде болуы керек.
Баяндама тезисі атауының үстіндегі оң жақ бұрышта автордың аты-жөні
және тегі, лауазымы, әскери атағы, оқу мекемесінің атауы жазылады, содан
соң бір жол өтіп, баяндама тақырыбы (ерекшеленген қаріппен жол ортасына
түзету), одан әрі бір жол өтіп баяндама мәтіні беріледі.
Суреттер, кестелер және графикалар ГОСТ 7.1-2003 талаптарына сәйкес
рәсімделеді.
Аталған мерзімнен кейін ұсынылған немесе талаптарға сәйкес емес
рәсімделген материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды.
Конференцияға қатысушылардың жол ақысы, тамақ және тұратын
орындарының шығындары жолдаушы тарапының есебінен.
Ұйымдастырушы комитет