Мақалада жауынгерлік іс-қимылдардың кешенді модельдерін құрудағы проблемалар мен қазіргі тенденциялар қарастырылған. Жауынгерлік іс-қимылдардың қолданыстағы модельдеріндегі математикалық аппараттың тәсілдері ұсынылған және олардың әскери өнердің дамуындағы қазіргі тенденцияларға сәйкестігі анықталған. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, соғыс модельдерінің даму ерекшеліктері сипатталған. Бұл ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша «Әскерлердің (күштердің) іс-қимылдарын модельдеудің (автоматтандырылған жоспарлаудың), Қарулы Күштердің түрлері мен тектері әскери басқару органдарының жауынгерлік даярлығының бағдарламалық-техникалық кешенін әзірлеу» BR1090140221 ЖТН бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын орындау шеңберінде жарияланды.