Мақалада шет тілін лингводидактикалық негізінде оқыту қазіргі заманғы әдістеменің маңызды және дұрыс шешілмеген мәселелерінің бірі болып қала беретіндігі қарастырылады. Авиацияда арнайы тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру туралы айта отырып, оқудың бастапқы кезеңінде курсанттарға оқу дағдыларын қалыптастырудың ерекше маңыздылығын жеткізеді. Сондай-ақ, мұнда ағылшын тілін оқытуды дұрыс ұйымдастыра отырып, курсанттардың ауызша сөйлеу, жазу және есту қабілеттерін тиімдірек дамыту барысында өз тарапынан әдіснама ұсынған. Лингводидактикалық оқытуда негізгі ерекшеліктерімен қатар, проблемаларды шешуге оқыту, танымдық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, түсінуге, сыни ойлауға, қабілеттерін дамытуға бағытталады. Мұндай оқыту бетпе-бет қарым-қатынас процессінде белсенділікті қамтамасыз ете алады.