Аталған мақалада жалпы, әр түрлі жауынгерлік ұрыстарды жүргізу іс қимылдары және қамтамасыз ету,әскери ұрыстың негізі болып табылатын, «Тактика» пәнінен топтық жатығуларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі қарастырылған. Тактикалық дайындық далалық оқу жаттығулар негізі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы Қорғаныc министрлігінің бұйрықтарының талабына сай, құрлық әскерлері қолбасшылығының ұымдастырылған нұсқаулығына, жауынгерлік жарғыларына, сілтеме, атыс бағытына, жауынгерлік дайындық бағдарлама және қарсыластың мезгілсіз жағдайда жаппай жою қаруын қолданған ұрысты белсенді жүргізу және өткізілуіне сараптама жасаған. Тактикалық дайындық үздіксіз жетілдіріледі және ауысады. Қарсыластың әскерлері және біздің әскерлеріміздің әскери техника, қару-жарақтары және ұйымдастырылуы өзгеруіне байланысты ең бірінші кейбір факторлар себеп болады.
Осы мақаланы бағынышты жеке құрамға және бөлімше командирлеріне әдістемелік көмек мақсатында тактикалық дайындығына пайдалануға болады.